Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп АҚШ президенті Джо Байден елін әуреге салғанын айтты.
— Бізде мұндай нәрсе ешқашан болған емес. Ал қазір, өкінішке орай, бізде не болып жатқанын мүлдем білмейтін президент бар. Ол шатасып жатыр, — деді Дональд Трамп.
Ол Байденнің, парламент спикері Нэнси Пелосидің және радикалды демократтардың әрекеті Американың күйреуіне әкелетінін жеткізді.
Сайлау алаяқтық жолмен өтті, дауыс ұрланды. Ал қазір біздің ел жойылудың алдында тұр, — деді Трамп.
Трамп Байденнің іс-шарада сөйлеген сөзін еске түсірді. 21 сәуірде американдық көшбасшы Грин Ривер колледжінде сөз сөйледі. Кейін ол залға қолын созып, түсініксіз әрекет жасаған.
Фото: RT
Комментариев пока нет