- Exclusive
Поддержать

Қазақстан Конституциясында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі айқындалады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасылов мәлімдеді.

— Тұңғыш президенттің мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтау керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді. Яғни, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни, бұл мәртебе анықталады. Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені еңбектер, білгілі объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр, ол Конституцияда бекітіледі, — деді Әбдірасылов.

Бұған дейін президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын Конституциялық кеңеске беретіні хабарланған болатын.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.