- Exclusive
Поддержать

Twitter компаниясы SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алатынын хабарлады.

— Twitter, Inc компаниясын Илон Маск 54,2 долларға сатып алатыны туралы келісім жасалды, мәміле шамамен 44 миллиард долларға бағаланад», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Маск пен Twitter өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатуды талқылау үшін кездескен еді.

Еске салайық, 4 сәуірде американдық миллиардер және Tesla иесі Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің 9,2 пайызын сатып алып, компанияның ең ірі акционері болғандығы белгілі болды.

Өз кезегінде Илон Маск Twitter Директорлар кеңесіне кірмейтінін мәлімдеді. Кейінірек әлеуметтік желінің бұрынғы акционерлері миллиардерді компанияның акцияларын сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтарға байланысты сотқа берді. Осыдан кейін Маск компанияның барлық акцияларын 41,39 миллиард долларға сатып алуды ұсынды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *