- Exclusive
Поддержать

2021 жылы ең кедей өңірлер арасында жоғары деңгей Қазақстанның Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттіктің Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2021 жылы 5,2 пайызды құрады.

Өңірлер бөлінісінде кедейлік деңгейінің неғұрлым жоғары мөлшері 2021 жылы Түркістан (9,8 пайыз) және Маңғыстау (8,6 пайыз) облыстарында, ең төменгісі — Нұр-Сұлтанда (2,2 пайыз) тіркелген.

Ұлттық статистика бюросы қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары арасындағы табыстың айтарлықтай алшақ екенін атап өтті.

— Қалалық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,8 пайызды, ал ауылдық жерлерде 7,2 пайызды құрады. Қалалық және ауылдық кедейшілік деңгейінің арасындағы ең үлкен айырмашылық 2021 жылы Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды, — деп нақтылады ведомстводан.

Фото ашық дереткерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.