- Exclusive
Поддержать

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы Конституциялық заң Конституцияға түзетулер енгізілген соң кейін күшін жояды. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.

— Түзетулер енгізілген соң Елбасы мәртебесі алып тасталады. Конституцияда Назарбаевтың мемлекеттің негізін қалаушы ретінде ролі қалады. Бұл норма қабылданғаннан кейін тұңғыш президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды, — деді Қошанов.

Оның айтуынша, конституциялық түзетулер қазір Конституциялық кеңесте қаралып жатыр.

— Конституцияда экс-президенттер туралы норма бар, бұл норма еліміздің тұңғыш президентіне де қатысты. Референдум өткізіле ме, әлде конституциялық түзетулерді Парламент қабылдай ма деген нақты шешім әлі жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы президенттер туралы заң аясында мемлекеттік қамтамасыз етуді, зейнетақыны және ар-намысы мен абыройын қорғай алады, — деді Қошанов.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *