БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға жеткенін хабарлады.
Антониу Гутерриш Twitter парақшасында гуманитарлық қолдауды кеңейту және бейбіт тұрғындарды қақтығыс аймақтарынан эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатынын мәлімдеді, хабарлайды exclusive.kz.
Еске салайық, 26 сәуір күні Гутерриш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен еді. Кейін Польша арқылы Украинаға аттанды.
Бүгін Гутерриш Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет