- Exclusive
Поддержать

Үлкен жетілік Ресейге қарсы қысымды күшейтуге ниетті. Халықаралық бейресми клуб елдері 9 мамыр Жеңіс күніне орай президент Владимир Зеленскиймен бейнеконференция арқылы кездесуде Үлкен жетілік елдері туралы айтты.

Сондай-ақ, Ресей мұнайын импорттаудан бас тартып, банктеріне жаңа санкциялар салатыны туралы хабарлады.

Владимир Зеленский соғыс жағдайында Украина экономикасына ай сайын 7 миллиард доллардай қаражат керек екенін айтты.

– Қазіргі соғыс жағдайында біздің еліміздің экономикасына ай сайын 7 миллиард доллардай қаржылай көмек қажет. Ал соғыс аяқталған соң Ресей тас-талқан еткен елімізді қалпына келтіру үшін 600 миллиард доллар керек болады. Бұл біздің мемлекет үшін орасан зор қаржы. Украина сіздердің қолдауларыңызсыз мұны еңсере алмайды, — деді Украина президенті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *