- Exclusive
Поддержать

Шымкентте бес баланың анасы үшем дүниеге әкелді, жаңа туған нәрестелер мен босанған әйел қалалық перинаталдық орталықтан шығарылды.

Үшемдер — Айсұлтан, Әлия және София — 24 сәуірде дүниеге келді.

— Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Перзентханаға, барлық дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді, дәрігерлер жарады. Менің жүктілігім қиын болған жоқ, шағымданбаймын, Құдайға шүкір, күйеуім мен қайын енем жақын болды. Үйде мені отбасым күтіп отыр, мен өте қуаныштымын! Болашақта тағы да балаларым болады деп ойлаймын, — деді Гүлмира.

Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Айсұлтан, Әлия және София жүктіліктің 35-ші аптасында дүниеге келген. Балалардың салмағы екі килограмнан асады, бойы 40 — 42 сантиметр болды. Гүлмира кесарь тілігі арқылы босанған. Дәрігерлер операция оңай болмағанын айтты.

Фото: oinet.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *