- Exclusive
Поддержать

Ресей СІМ Финляндия билігінің НАТО-ға кіруге дереу өтініш бергеніне қатысты мәлімдеме жасады.

— Ресей ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді тоқтату үшін әскери-техникалық және басқа сипаттағы қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болады, — делінген мәлімдемеде.

Ресей СІМ Финляндияның НАТО-ға кіруі осы елдің халықаралық-құқықтық міндеттемелерін, ең алдымен 1947 жылғы Париж бейбітшілік келісімін тікелей бұзатынын айтты.

— НАТО-ның мақсаты айқын — Ресей шекарасына жақындау, біздің елімізге әскери қауіп-қатер үшін тағы бір қаптал құру. Бірақ Финляндия неге өз аумағын Ресей Федерациясымен әскери қарама — қайшылықтың шекарасына айналдырғысы келеді?, — делінген ведомство хабарламасында.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Финляндияның НАТО-ға қосылуы Ресейге қауіп төндіретінін айтты.

Песков Финляндия НАТО-ға кіргеннен кейін Ресей қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды әзірлеу үшін арнайы талдау жүргізетінін атап өтті.

Барлығы НАТО-ның әскери инфрақұрылымның қалай әрекет ететініне, біздің шекарамызға жақындауына байланысты болады, — деді баспасөз хатшысы.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *