Қаңтар оқиғасынан кейін көзі көрмей қалған Әбдірешов кінәсіз деп танылды
Алматы прокуратурасы Ермек Әбдірешовке қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты.
Ермек Әбдірешов қаңтарда көзіне резеңке оқ тигеннен жанарынан айырылған. Тергеушілер оны ауруханадан алып кетіп, тергеу изоляторына қамап тастаған. Әбірешовт орган қызметкерлері оны азаптаған.
Азаттық мәліметінше, Qantar қорының адвокаттары бұл іс бойынша бірнеше заң бұзушылық тапқан. Мәселен, көзі көрмейтінін, оқи алмайтынын біле тұра, заңды өкілсіз жауап алған және жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген.
Ермек Әбдірешовті азаптаған полицей әлі күнге дейін бостандықта жүр. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын тапқан.
:
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.