- Exclusive
Поддержать

Қаңтар оқиғасының ісі бойынша қамалған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген президенттен араша сұрап, ашық хат жолдады. Хат Қайрат Құдайбергеннің instagram парақшасында жарияланған.

Президентке жазылған ашық хатта Қайрат Құдайберген террорист еместігін айтып, Назарбаев әулетімен ешқандай байланыста болмағанын жеткізді.

– Қанды қаңтар кезінде құлағыңызға жалған ақпарат құйып, сіз Алматыда 20 000 террорист еліміздің біртұтастығына қауіп төндіріп жатыр деп айтуға мәжбүр болдыңыз. Бұл сол кездегі құзырлы құқық қорғау органының бір басшысының әдейі айтылған өтірігі болып шықты. Өкінішке орай, қазір сізге құзырлы органдар мен туралы жалған ақпарат беруде. Сол 20 000 террористердің бірі Қайрат Құдайберген деп менің атыма кір келтіріп жатыр. Бұл оңбайтын жала жабудың өзі, – деп жазды ол.

Хатта «төтенше жағдай кезінде топ құрып еліңді қорғау қылмысқа жата ма?» деген сұрақ бар.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге қазақ елі қазір «Жаңа Қазақстан» көшбасшысы ретінде қарап отыр. Біз қиын қыстау кезеңде елімізге көмек беру үшін ғана жиналдық, ал бізге қазір төтенше жағдай кезінде далаға шығу, дружина жинап мородерлармен күресу, өз алаңыңды, өз үйіңді қорғау бұл қылмыс деп бетімізге басып жатыр. Жарайды солай болсын. Онда сол күндері бізбен бір уақытта өз дружиналарын жинап ел қорғаған президент жанындағы жастар ісі бойынша кеңестің мүшесі Алмаз Жәлел де қылмыскер ма? — делінген хатта.

Фото ашық деректерден

1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. По Крылову — согласия не было между у трёх силовиков. Почему
    в этом цирке на площади переодевались, почему хором бросали щиты МВД, почему здания КНБ оставались открытыми и оружия забирали любые из 20.000 бандитов. Враньё простому народу не проходит. Прекратите врать и отпустите ни в чем невинных людей. Президенту докладываете чушь, неточные меняющиеся цифры и между собой сверялись бы хотя секретчики. Пол года прошло, до сих пор списков нет погибших. Жутко короче!