- Exclusive
Поддержать

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А.А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *