Ішкі істер министрлігінде Марат Ахметжановтың, оның орынбасарларының, қызмет басшыларының, ведомствоның орталық аппараты қызметкерлерінің және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.
Polisia.kz мәліметінше, жиынға бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық департаменттердің, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің, ведомстволық оқу орындарының басшылығы мен жеке құрамы қатысқан.
Министр Ахметжанов қоғамның сұранысы өзгергенін айтып, полиция сұранысқа қарай өзгеруі қажет екенін жеткізді.
– Қоғам қазір, өздеріңіз білесіздер, өзгерді. Олардың сұранысы да өзгерді. Қазір азаматтар қауіпсіздік деңгейін арттыруды және олардың құқықтарын қорғауды әділ талап етеді. Сондықтан полиция сұранысқа қарай өзгеруі қажет. Бұл үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Оны іске асырудың қолайлы уақыты. Өйткені бүгінгі таңда қоғамның сұранысы мен ел басшылығының саяси ерік-жігері барынша бір-бірімен сәйкес келген кезде түбегейлі өзгерістер үшін мүмкіндіктер көзі ашылды, – деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, кеңесте полиция қызметін артық қағазбастылықтан арылту, жұмысты цифрландыру, ішкі процедураларды қайта қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру және олардың пайда болу себептерін жою мәселелері талқыланды.
Фото: twitter
Комментариев пока нет