- Exclusive
Поддержать

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты түсініктеме берді. СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақжарқынды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.

– Қазіргі уақытта екі елдің бас прокуратуралары желісі бойынша жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталды. Ол Нигерия азаматтарының Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауға келіскен. Гуанчжоудан шыққан кезде оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы білмейтінін айтады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *