- Exclusive
Поддержать

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Ұлттар лигасы ойыны алдында Әзірбайжан командасына қарсы Қазақстан құрамасының жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар Лигасының Молдова құрамасына қарсы ойында құрамаға көрсеткен қолдауы үшін барлық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

– Осы ойынды өткізу аясында жанкүйерлердің заттарды лақтырып, алаңға шыққаны үшін Қазақстан футбол федерациясына УЕФА тарапынан 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды. Осыған байланысты ұлттық құраманың барлық жанкүйерлерін УЕФА-дан федерацияға қатаң санкциялар қолданбау үшін, қолдау мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетуге шақырамыз. Барлық жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз және қызу қолдауға үміттенеміз, – делінген хабарламада.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *