- Exclusive
Поддержать

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

– Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыттар бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді, — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов екі ел Үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.

– Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігі алдағы уақытта да барлық бағытта жоғары қарқынмен дамитынына сенімдімін, — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Михаил Мишустин бүгінгі кездесу екі мемлекет Президенттерінің 16 мамырда Мәскеуде қол жеткізілген келісімдерін дамыту аясында өтіп жатқанын жеткізді.

– Қазақстанмен достығымызды, тату көршілік қарым-қатынасымызды, одақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Біз негізгі басым міндеттердің бірі ретінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қарастырамыз, — деді Михаил Мишустин.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *