- Exclusive
Поддержать

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның елдің атауын өзгерту туралы өтінішін мақұлдады.

БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудан Бас хатшы Антониу Гутерриштің атына Түркияның атын түрік тілінде өзгерту туралы хат алғанын айтты. Дюжаррик елдің атауын өзгерту хатты алған сәттен бастап күшіне енетінін жеткізді.

– Президентіміздің басшылығымен еліміздің бренд құндылығын арттыру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысына жіберген хатпен біз еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде «Түркия» деп тіркейміз, — деп жазды Чавушоглу Twitter-де.

Бұдан былай Turkiye атауы барлық халықаралық форумдарда және ресми құжаттарда қолданылады (Turkey, Turkei, Turquie).

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *