Впервые в Казахстане журналист добился компенсации
Ә.Н. Бөкейхан тұтқындалған 1906 жылдың қаңтарынан бастап Дала өлкесі облыстарында Алаш қозғалысы жетекшілерімен қатар, Географиялық қоғамның Семей бөлімшесі мүшелерін де қудалау басталды. Нәтижесінде Абай шығармаларының тұңғыш жинағы шықпай қалды. Қазақтан 12 депутат сайланған Мемлекеттік думаның І- және ІІ-шақырылымдары күштеп таратылып, ІІ Дума қуылған 1907 жылдың 3 маусымында ІІ Николай патша қол қойған сайлау туралы жаңа заң шығып, 5,5 млн қазақ халқы сайлау құқынан айырылысымен Алаш жетекшілерін қудалау өрши түсті. Оның ішінде Әлихан І Думаны таратуға наразылық білдіріп «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін 3 ай түрме жазасына кесіліп, Семей түрмесінде 3 айдың орнына 8 ай отырып, 1908 жылдың желтоқсанында бостандыққа шықты (№ 3 сурет). А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының 1917 жылғы бір мақаласында атап көрсетілгендей (Байтурсунов А., сотрудник газ. «Казак» и член Тургайской областной гражданской управы, Дулатов М., сотрудник газ. «Казак» и член Тургайской областной гражданской управы. Наш ответ докладной записке [Алибия Жангельдина], напечатанной в № 123 «Заря» от 5 сентября с.г./ «Южный Урал», 14.09.1917 г., № 10. – Сс. 3-4.), Алты Алаш көсемі өзіне әбден өшіккен Дала генерал-губернаторы әлгі атам заманғы «әкімшілік тәртіп» бабымен «ит жеккенге» айдайтынын сезіп, өз ықтиярымен алдымен С.-Петерборға, одан Самарға «эмиграцияға» кетті. Әлихан «қазақтың бас ақыны» Абай шығармаларының тұңғыш жинағын ешбір қиындықсыз Қазан не Уфада қалаларында басып шығарар еді. Бірақ туған Ұлы дала елінің отаршыл әкімшілігіне енді өзі әбден өшіккен Алаш көшбасшысы да ұлы ақынның тұңғыш жинағын отаршыл империяның төл астанасында жарыққа шығарды. Кітаптың өзінде жазылмаса да, жинақ Әлиханның «ыждаһатымен» шыққанын Абайдың «опатына дәл он жыл толуына» орай жазған «Абай» (Опат 23 иун 1904-інші жыл) атты мақаласында Міржақып Дулатұлы (мақалаға М.Д. деп қол қойған. – С.А.): «1909-ыншы жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризалығы һәм Ғали ханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бурагански
Комментариев пока нет