«ФСБ» қызметкері Франциядан саяси баспана сұрады
Вагнер қызметкері мен ФСБ қызметкері Франциядан саяси баспана сұрады. Олар Ресейдің әскери қылмыстарын халықаралық тергеуге көмектесетін айғақтар береді.
Айғақтарда ФСБ-ның Сыбайлас жемқорлық схемалары және Вагнер ПМК-ның ГРУ «филиалы» ретінде құрылу тарихы көрсетілген.
Соңғы айларда Владимир Путин режиміне тікелей қатысы бар бірқатар адамдардар Ресейден кетіп қалған.
– Енді бұл адамдардың әрқайсысы әскери қылмыстар туралы куәлік етеді. Олар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің ГРУ жанындағы Вагнердің қалай құрылғанын, мемлекет оларды қаржыландырғанын, бұл бөлімшелер Луганск облысында диверсиялық жұмыстарға қалай қатысқанын айтып береді, – деді Владимир Осечкин.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.