English version

Гаага сотының қызметкері болғысы келген ресейлік тыңшы ұсталды

Контекст дня — 17 июня 2022 16:30
0 -1

Нидерландтың құпия барлау және қауіпсіздік қызметі (AIVD) ресейлік тыңшыны ұстады.

Ол Гаагадағы Халықаралық құқық сотында тағылымдамадан өтуге тырысқан. Бұл операция қазір Украинадағы әскери қылмыстарды тергеумен байланысты.

Ресейлік офицер өзін Бразилия азаматы ретінде таныстырған – Виктор Мюллер Ферера, 33 жас. Шын мәнінде оның аты Сергей Владимирович Черкасов, 36 жаста. Сергей Ресей Қарулы Күштері Бас штабының басқармасында жұмыс істейді. Ол Гаага сотында әскери, саяси және технологиялық ақпарат жинау қызметіне орналасқысы келген.

Голландиялық барлау Reuters басылымына бұл операция бірнеше жылдар бойы жасалғанын және Ресей билігі көп ақша, уақыт пен күш жұмсағанын айтты.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.