English version

Генерал Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Контекст дня — 28 апреля 2023 17:10
0 -1

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Серік Күдебаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып арқалады.

Прокуратура полиция департаментінің бұрынғы басшысы ведомство ғимаратынан тастап кеткенін айтты.

Еске салайық, күдіктінің ауруына байланысты сот отырыстары бірнеше рет ауыстырылған еді. Наурыз айының соңында оның елден қашып кеткені белгілі болды.

Ресми ақпарат бойынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Отанына қайтарылды. Күдебаевтың отбасы оның өзі елге оралуға шешім қабылдағанын айтады.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.