Генерал Күдебаев қаңтар оқиғасына байланысты 9 жылға сотталуы мүмкін
Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz.
ҚазАқпарат мәліметінше, прокурор Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде генерал Серік Күдебаев аймақтың коменданты болған. Бірақ ол полиция департаментінің ғимаратын тастап қашқан. Осылайша аразылық білдірушілерге қару алуға мүмкіндік берген.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізіміне енген еді.
2022 жылдың 18 ақпанында генерал Күдебаев қызметінен өз еркімен кетті.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.