Ya Metrika Fast


English version

Генерал-майор Біләлов кінәлі деп танылды

Контекст дня — 21 августа 2023 18:10
0
Изображение 1 для Генерал-майор Біләлов кінәлі деп танылды

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Берік Біләлов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған 10 жылға мемлекеттік қызметте, сот билігінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, басқа да мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға тыйым салынды.


Сот Тоқаевтың атына Біләловті «II дәрежелі Даңқ» орденінен және полиция генерал-майоры атағынан айыруды ұсынды.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.