English version

Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Контекст дня — 28 октября 2022 17:50
0

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бразилиялық боксшы Эскива Фалькаомен жекпе-жек туралы келісімге келді.

– Головкин Фалькаомен жекпе-жекті қабылдады. Қазір Головкиннің командасы dazn жекпе-жекті тарату құқығын беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурыз айында Қазақстанда өтеді, – деп хабарлады бразилиялық журналист Уилсон Балдини.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі өтті.

Жекпе-жек екінші орта салмақта өтті. Сарапқа төрт титул — WBC, WBA, WBO мен IBF белбеулері салынды. Сауль Альварес айқын басымдықпен жеңіске жетіп, төрт белбеуін де қорғап қалды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.