Геннадий Головкин жеңіске жеткен боксшыларды құттықтады
Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз! – деп жазды Геннадий Головкин Instagram-дағы ресми парақшасында.
Айта кетейік, Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Ташкентте әлем чемпионы болды. Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.