Головкин Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, боксшы Геннадий Головкин Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.
Wimbledon теннис турнирінің Twitter-дегі ресми парақшасында қазақстандық Елена Рыбакованың жеңісі туралы жазба жарияланды.
Спортшыға әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтау хат келіп түсті. Олардың арасында Генадий Головкиннің де ақ тілегі бар.
– Елена Рыбакинаны Wimbledon – дағы тарихи жеңісімен құттықтаймыз! Алға Қазақстан! – деп жазды Геннадий Головкин.
9 шілдеде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Wimbledon теннис турнирінде жеңімпаз атанды. Финалда қазақстандық спортшы Тунистен келген Онс Жаберді ұтты.
Фото ашық деректерден
Поделиться публикацией
Рекомендуемое
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.