Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттеді.
18 қыркүйек күні Сауль «Канело» Альвареске (58-2-2, 39 KO) жол берген Головкин орта салмақтағы WBA Super титулына ие болды. Сондай-ақ, ол IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы. 39 жастағы кубалық WBA чемпионы белбеуіне ие.
– WBA чемпионаттары жөніндегі Комитет әлемдік атақтарды қысқарту жоспарына сәйкес кезекті шешім қабылдап, орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен оның міндетті үміткері Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуге келісті. Келіссөздер кезеңі 30 күнді құрайды. Егер командалар келісімге келмесе немесе олардың біреуі бас тартса, жекпе-жек Головкиннің пайдасына 75 пайыз және Лараның пайдасына 25 пайыз үлесімен аукционға шығарылады, – делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.