«Халық жауы емеспіз»: Біртанов сотта соңғы сөзін айтты
Бүгін елордадағы Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкім жарияланар алдындағы соңғы сөзін айтты.
– Тергеу барысында түрлі қиындықтар болды, жүйке тозды. Бірақ біз соңына жеттік. Әр тарап сөйлеуге, өз дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік алды. Біз зерттегіміз келген істің барлық материалдарын, заттай дәлелдерін зерттеп, барлық куәгерлерді тыңдап, мемлекеттік айыптау біз жасаған қылмысты дәлелдей алмағанына көз жеткіздік. Ұсынылған дәйектер, іс материалдары, жазбалар мен бұйрықтар бізге жағдайды толық түсінуге мүмкіндік берді. Прокуратура айыптауларды дәлелдей алмады, қылмыстың диспозициясын, объективті және субъективті жақтарын, қылмыстың құрамы мен оқиғаларын қалыптастыратын деректерді ұсынбады, – деді Біртанов соңғы сөзінде.
Экс-министр мемлекеттік айыптаушы мен прокуратура қылмысты дәлелдей алмағанын баса айтты. Сондай-ақ судьядан өзін ақтауды сұрады.
– Іс бойынша келтірілген құжаттар, куәгерлер сөзі, бұйрық, қызметтік жазбалар арқылы толық ақпарат берілді. Қылмыс жоқ екені көрсетілді. Мемлекеттік айыптаушы, прокуратура қылмысты дәлелдей алмады. Біз ешқандай жемқор емеспіз, халық жауы емеспіз. Құрметті судья, мені ақтауды сұраймын. Себебі халық сізден әділдік күтіп отыр, – деді бұрынғы министр.
Фото: tengrinews.kz

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.