Халық сенімін ақтамаған депутаттар мандатынан айырылады - Exclusive
Поддержать

Халық сенімін ақтамаған депутаттар мандатынан айырылады

Азаматтар халықтың сенімін ақтамаған мәслихат мен Мәжіліс депутаттарын мандатынан айыра алады.

Мандатты кері қайтарып алу институтын енгізу туралы норма мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына енгізілді.

– Бұл реформаның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Бұрын заңнамада мұндай норма болған емес. Бұл үміткердің өзіне байланысты. Сайлауға түсер кезде әркім өз сайлаушыларын тыңдап және орындауға уәде береді, бірақ орындамайды. Мұндай адамдар да бар, – деді Мәжіліс отырысында Әділет министрі Қанат Мусин.

Мусиннің айтуынша, сайлаушылар депутатқа деген сенімін өздері шешеді.

– Бұл заң жобасында нақты көрсетілмеген, өйткені әртүрлі жағдайлар болады. Шешім сайлаушыларда қалады. Біріншіден, сайлаушылар депутаттық мандатты қайтарып алу үшін қажетті дауыс жинауы керек. Ол үшін сайлаушылардың 30 пайызы қол қоюы тиіс. Мұндай жағдайда сайлау комиссиясы сайлау күнін белгілейді. Егер сайлаушылардың 50 пайыздан астамы депутаттық мандатты кері қайтарып алуға дауыс берсе, мұндай жағдайда шешім қабылданады, – деді министр.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *