Халықтың әкімдерге деген сенімі барынша төмен
Үшінші тоқсанда барлық мемлекеттік органдардың рейтингісі анағұрлым нығая түскенін бұған дейін жазған болатынбыз, алайда жалпы трендтердің сақталғаны байқалып отыр. «Qalam» қоры жүргізген кезекті социологиялық сауалнаманың нәтижелері осындай.
Азаматтардың толық сеніміне рейтинг жасайтын болсақ, онда аталған рейтингтің құрылымы былайша көрінетін болады:
– Президент (32%),
– Ұлттық Банк (19%),
– Үкімет (18%),
– Парламент (17%),
– Әкімдіктер (16%)
Осылайша, әкімдіктер барлық мемлекеттік органдар арасындағы сенім деңгейі бойынша аутсайдер болып қала береді.
2022 жылдың қыркүйегінде халықтың 37%-ы әкімдер институтына сенім арта бастады, бұл алдыңғы рейтинг легіне қарағанда 6%-ға жоғары. Әкімдіктерге деген толық сенімділік 16%-ды құрап отыр, бұл көрсеткіш те алдыңғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа артып отыр. Тұрғындардың 31%-ы әкімдіктерге сенбейді, бұл ретте толық сенімсіздік деңгейі 14%-ды құрайды. Маусым айынан бастап бұл екі көрсеткіш те төмендей түсті. Осы уақыт ішінде әкімдіктердің сенім рейтингісі сайып келгенде, сенімсіздік рейтингінен асып жығылды.
Жоғары рейтинг Астана қаласының (Нұр-Сұлтан) (70%), Қызылорда облысының (68%), Ақмола облысының (65%) және Батыс Қазақстан облысының (63%), Жетісу облысының (67%) әкімдіктерінде қалыптасып отыр. Ұлытау облысының көрсеткіштері де айтарлықтай жоғары (46%). Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз позициясын 21%-дан 38%-ға дейін нығайта түсті, мұндай үрдіс халықтың ең көп наразылық білдірген бөлігі бүгінде жаңадан құрылған Абай облысының аумағының құрамында қалуымен байланысты болса керек.
Маңғыстау (1%), Алматы (4%) және Қостанай (6%) облыстарының әкімдерінің рейтингісі төмен. Бейтараптылыққ танытқандардың басым бөлігі Қостанай облысына тиесілі – 84%-ды құрап отыр, тұрғындардың 6%-ы әкімге және оның командасына сенбейді. Қостанай облысында әкімнің жұмысына мүлдем сенбейтін азаматтар жоқтың қасы. Жоғары орташа баллға қарағанда, бейтарап көзқарасты ұстанатындардың арасында облыс әкімінің жұмысына оң баға беретін адамдар көптеп саналады.
Алматы әкімінің рейтингісі (4%) төмен күйде қалып отыр. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (55%) әкімдіктерге сенімсіздік танытты.
Мән-жайды барынша нақты ұғыну үшін төменде өңірлік маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің жалпы рейтингісін ұсынып отырмыз. Пайызға шаққандағы рейтинг «4» және «5» бағалары негізінде есептелді. Орташа балл барлық бағалардан алынған, яғни респонденттер қойған теріс және оң саналатын өлшемдер бойынша орташа мән негізінде есептелді.
Төменде берілген кестеде 4 рейтинг көрсетілген:
– ағымдағы, яғни 2022 жылдың маусым айының рейтингісі (респонденттердің жауаптары бойынша),
– ағымдағы, яғни 2022 жылдың қыркүйек айының рейтингісі (респонденттердің жауаптары бойынша),
– 2022 жылдың маусым айындағы орташа бағалау рейтингісі (теріс және оң бағалардың орташа мәні).
– 2022 жылдың қыркүйек айындағы орташа бағалау рейтингісі (теріс және оң бағалардың орташа мәні).
Облыс | Әкімнің Т.А.Ә. | 2022 ж. маусым айындағы рейтинг, % | 2022 ж. қыркүйек айындағы рейтинг, % | Орташа рейтинг, маусым | Орташа рейтинг, қыркүйек |
Астана қ. (Нұр-Сұлтан) | Алтай КӨЛГІНОВ | 26% | 70% | 2,90 | 3,85 |
Қызылорда облысы | Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ | 67% | 68% | 3,83 | 3,92 |
Жетiсу облысы | Бейбіт ИСАБАЕВ | — | 67% | — | 3,77 |
Ақмола облысы | Ермек МАРЖЫҚПАЕВ | 62% | 65% | 3,80 | 3,85 |
Батыс Қазақстан облысы | Ғали ЕСҚАЛИЕВ | 68% | 63% | 3,59 | 3,58 |
Ұлытау облысы | Берік Әбдіғалиұлы | — | 46% | — | 3,52 |
Павлодар облысы | Әбілқайыр ЫСҚАҚОВ | 49% | 43% | 3,33 | 3,12 |
Жамбыл облысы | Нұржан НҰРЖІГІТОВ | 22% | 41% | 2,46 | 3,24 |
Алматы облысы | Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ | 28% | 40% | 2,80 | 2,85 |
Атырау облысы | Серік ШАПКЕНОВ | 18% | 39% | 2,30 | 3,09 |
Шығыс Қазақстан облысы | Даниал АХМЕТОВ | 21% | 38% | 2,20 | 3,25 |
Түркістан облысы | Дархан САТЫБАЛДЫ | 21% | 37% | 2,56 | 3,00 |
Ақтөбе облысы | Оңдасын ОРАЗАЛИН | 34% | 36% | 2,75 | 2,92 |
Солтүстік Қазақстан облысы | Құмар АҚСАҚАЛОВ | 72% | 35% | 4,00 | 3,20 |
Қарағанды облысы | Жеңіс ҚАСЫМБЕК | 35% | 35% | 2,60 | 2,97 |
Шымкент қ. | Мұрат АЙТЕНОВ | 20% | 35% | 2,53 | 2,94 |
Маңғыстау облысы | Нұрлан НОҒАЕВ | 18% | 18% | 2,42 | 2,35 |
Абай облысы | Нұрлан ҰРАНХАЕВ | — | 18% | — | 2,19 |
Алматы қ. | Ерболат ДОСАЕВ | 20% | 14% | 2,23 | 2,29 |
Қостанай облысы | Архимед МҰХАМБЕТОВ | 19% | 10% | 2,93 | 3,09 |
Қызылорда облысында (Н. Нәлібаев), Ермек Маржықпаев (Ақмола), Ғали Есқалиев (БҚО) көшбасшы ретінде позицияларын нығайтуды жалғастыруда.
Су жаңа екі облыстың әкімі Бейбіт Исабаев (Жетісу облысы) пен Берік Әбдіғалиұлы (Ұлытау) мықты позицияны ұстанып, көшбасшылар тізімінің басында тұр.
Облыс | Мүлдем сенбейді | Сенбейтін тәрізді | Бейтарап | Сенетін тәрізді | Толық сенеді | Барлығы «4» және «5» |
Астана қ. (Нұр-Сұлтан) | 5 | 14 | 11 | 31 | 39 | 70 |
Қызылорда облысы | 4 | 11 | 16 | 24 | 44 | 68 |
Жетiсу облысы | 2 | 10 | 21 | 43 | 24 | 67 |
Ақмола облысы | 0 | 6 | 29 | 40 | 25 | 65 |
Батыс Қазақстан облысы | 5 | 20 | 12 | 38 | 25 | 63 |
Ұлытау облысы | 1 | 15 | 37 | 22 | 25 | 46 |
Павлодар облысы | 13 | 20 | 25 | 28 | 15 | 43 |
Жамбыл облысы | 13 | 9 | 37 | 23 | 18 | 41 |
Алматы облысы | 25 | 21 | 15 | 26 | 13 | 40 |
Атырау облысы | 12 | 17 | 32 | 28 | 11 | 39 |
Шығыс Қазақстан облысы | 13 | 14 | 35 | 11 | 27 | 38 |
Түркістан облысы | 17 | 17 | 30 | 23 | 14 | 37 |
Ақтөбе облысы | 19 | 18 | 26 | 25 | 12 | 36 |
Қарағанды облысы | 17 | 19 | 28 | 21 | 15 | 35 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 0 | 25 | 40 | 24 | 11 | 35 |
Шымкент қ. | 17 | 21 | 28 | 21 | 13 | 35 |
Абай облысы | 46 | 19 | 17 | 5 | 13 | 18 |
Маңғыстау облысы | 28 | 26 | 28 | 16 | 1 | 18 |
Алматы қ. | 27 | 34 | 25 | 9 | 4 | 14 |
Қостанай облысы | 0 | 6 | 84 | 4 | 6 | 10 |
Ұлттық Банк
Ұлттық банктің ұстанымдары нығая түсуде, осылайша халықтың 41%-ы аталған құрылымға сеніммен қарайды, тұрғындардың 27%-ы аталған құрылымға сенімсіздік танытып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы Ұлттық банкке толық сенім артса, 13%-ы толық сенімсіздік танытқан.
Сенім деңгейі артып келеді, демек, Ұлттық банк осы уақыт ішінде қазақстандықтардың көз алдында өз ұстанымын нығайта алды деген сөз. Ұлттық банкке көбіне-көп Шығыс Қазақстан облысы– 48%, Ақмола облысы– 41% және Қызылорда облысы– 39% сенім артады. Ең төменгі сенім деңгейі Маңғыстау облысында – 1%, Қостанай облысында – 4%, Алматы қаласында – 6%, қалыптасып отыр.
Жалпы, өткен тоқсанда барлық билік институттарына деген сенім шкаласының өскені байқалады, мұны нық сеніммен айтуға әбден болады. Қазіргі уақытта сенімділік деңгейі 37%-дан төмен түскен жоқ. Кейбір облыстарда қоғамның «буферлік» бейтарап қабаты әлі де әрекет етуде, мұндай тенденция сенімді нығайтуға және сан жағынан артып келе жатқан толық сенім білдірушілердің қатарын толықтыруға септігін тигізетін болады.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2500 адам қатысқан болатын. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.
Таңдамалы жиынтыққа сүйене отырып:
–62% қала және 39% ауыл тұрғынынан;
–18 бен 94 жас аралығындағы ерлердің 47%-нан және әйелдердің 53%-нан;
–қазақтардың 65%-нан, орыстардың 24%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 12%-нан сауалнама алынды.
Қызмет түрі бойынша респонденттердің 27%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 26%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 8%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 40%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 38%- ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 15%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 7%-ы кірістерін атаудан бас тартты.
Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: басым бөлігі жоғары (49%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 13%-ның орта білімі бар.
Жақын арада қазақстандықтардың қандай елдермен достық қатынасты ұстануға дайын екендігінен хабардар боласыздар.
Комментариев пока нет