Хостелдегі өрт: Үкіметтік комиссия құрылды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің дерегі бойынша, комиссия құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
– Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Фото: Алматы ТЖД
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.