Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі болды
Игорь Лепеха Қазақстанның ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Игорь Лепеха 2020 жылдың наурызынан бастап ІІМ аппаратының басшысы болды
2019 жылдан бастап ІІМ штаб-департаментін басқарды.
2011 жылдың қыркүйегінен бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болды.
Комментариев пока нет