Ya Metrika Fast


English version

Имамдардың аруақ сөзі рухтың көпше түрі дегені қып-қызыл өтірік – Құсайынов

Контекст дня — 26 мая 2023 18:10
0
Изображение 1 для Имамдардың аруақ сөзі рухтың көпше түрі дегені қып-қызыл өтірік – Құсайынов

Дінтанушы Тұрарбек Құсайынов Имамдардың аруақ сөзі рухтың көпше түрі деген пікіріне қарсы шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Наурызбай Тағанұлы шариғатымызда аруақ қолдасын яки адамдарды желеп-жебеп жүрсін деген сөздер рұқсат етілген депті. Дінді зерттеуші ретінде айтайын Құранда Алладан өзгеге сыйыну, жәрдем сұрау немесе Құдайдан басқа күштерден үміт ету Аллаға серік қосу (исламда кешірілмес күнә) боп табылады. Сондықтан да ең әуелі Құран бойынша шындықты айтып, соңынан қазақты алдаусыратқысы келген, яғни екіжүзді хамелеон сияқты мың құбылған ҚМДБ басшысына шынайы мұсылман болсаң Алладан қорық деймін. Айтпақшы арабша رُوحٌ [руух] деген сөз Құранда тек жекеше түрде ғана кездеседі. Имамдардың аруақ сөзі рухтың көпше түрі дегені қып-қызыл өтірік. Шынтуайтында аруақ ұғымы иә Бекет, Қабанбай, Райымбек т.б деп жауға шапқан қазақи танымдағы ата-бабамыздың ғана сенімі мен ұраны екенін және аруақтың араб-парсы дініне үш қайнаса да сорпасы қосылмайтынын мүфтият имамдарының есіне саламын, – деп жазды ол facebook парақшасында.


Еске салайық, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде «Аруақ қолдасын, аруақ жебесін» деген сөзді қолданбау керек екенін айтқан еді. Бас мүфтидің бұл сөзі қоғамда қызу талқыға түсті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.