English version

Ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгерту қажет – Тоқаев

Контекст дня — 2 сентября 2023 16:30
0 -1

Президент Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, жаңа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті таныстырды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Президент ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысы ішкі істер органдарында 30 жыл еңбек еткенін, аудандық жедел уәкіл қызметінен министрдің орынбасары лауазымына дейінгі сатыдан өткенін атап өтті.

– Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту және түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жөнінде нақты тапсырмалар бергенін айтты. Аталған тапсырмалардың іске асырылуы көбіне құқықтық тәртіптің деңгейіне байланысты екенін және осы ретте полиция маңызды рөл атқаратынын атап өтті, – деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ Тоқаев ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуге, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тұрақты байланыс жасауға қатысты жаңа идеялардың қажеттігіне назар аударды.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.