English version

Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

Контекст дня — 14 августа 2022 15:40
0 -1

Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль алды.

Vesti.kz мәліметінше, 23 жастағы павлодарлық спортшы 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарған. Осылайша ол Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медалін жеңді және жарыстың рекордын жаңартты.

Айта кетейік, 355 медаль ойнатылатын Бесінші Ислам ынтымақтастық ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтіп жатыр.

Фото: drs_kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.