Исмағұлов UFC-де қатарынан бесінші рет жеңіске жетті
31 жастағы спортшы Дамир Исмағұлов Грузиядан шыққан 30 жастағы швед Гурам Кутателадзені жеңді.
Олардың жекпе-жегі жеңіл салмақта Остиндегі (Техас, АҚШ) UFC on ESPN 37 турнирі аясында өтті.
Бірінші раундта грузин викингі лақап атымен танымал Кутателадзенің артықшылығы болды, ол соққылардың саны бойынша көш бастап, агрессивті әрекет етті. Екінші бес минут Исмағұловтың артықшылығын көрсетті.
Жекпе-жек аяқталуға 24 секунд қалғанда Кутателадзе тыйым салынған соққы жасады, бірақ төреші оған жаза қолданбады.
Нәтижесінде Исмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті- 28:29, 29:28, 30:27.
Айта кетейік, Исмағұлов UFC-де бесінші рет өнер көрсетті, спортшы әлі жеңілген жоқ.
Фото: vesti.kz
Комментариев пока нет