Италия президенті парламентті таратып жіберді - Exclusive
Поддержать

Италия президенті парламентті таратып жіберді

Италияда премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін президент Парламентті тарату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Квириналь сарайының баспасөз қызметі хабарлады.

Серджо Маттарелла жаңа сайлау өткізу үшін Парламент палаталарын тарату туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шараны 70 күннен кешіктірмей ұйымдастыру керек.

Бұған дейін Италияның премьер-министрі Марио Драги президент Серджо Маттареллден отставкаға кету туралы өтініш берді. Ел президенті оның отставкасын қабылдады.

Фото: DW




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.