English version

Израиль-Палестина қақтығысы: Қытай кімді қолдайды?

Контекст дня — 15 октября 2023 18:00
0 -1

Қытай СІМ басшысы Ван И Израиль Газа секторының тұрғындарын ұжымдық жазалауды тоқтатуы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Қытай бейбіт тұрғындарға зиян келтіретін барлық әрекеттерге қарсы, өйткені мұндай әрекеттер адамның ар — ұжданына қайшы келеді және халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұзады, – деді ҚХР Сыртқы істер министрі.

Ол Израиль халықаралық қауымдастық пен БҰҰ Бас хатшысының үндеулеріне түрде құлақ асуы тиіс екенін атап өтті.

– Қытай Палестинаға қатысты жарты ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан тарихи әділетсіздік бұдан әрі жалғаспуы тиіс деп санайды, – деді Ван И.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.