Ya Metrika Fast


English version

Израильдегі жаппай наразылық: элиталық сарбаздар халық жағына шықты

Контекст дня — 6 марта 2023 17:50
0
Изображение 1 для Израильдегі жаппай наразылық: элиталық сарбаздар халық жағына шықты

Израиль әскери-әуе күштерінің элиталы сарбаздары елдегі сот жүйесін қайта қарауға наразылық білдірген топқа қосылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Гаарец басылымына сілтеме жасап.

Израильде үшінші ай қатарынан жүздеген мың адам сот реформасына қарсы наразылық шеруін өткізіп жатыр. 20 ақпанда Израиль парламенті бірінші оқылымда Жоғарғы Соттың судьяларын іріктеу жөніндегі Министрлер Кабинетінің өкілеттіктерін кеңейтетін және осы сот органының заңдарға жауап беру өкілеттіктерін шектейтін сот реформасы туралы заң жобасын мақұлдады.

Өткен аптада Израиль армиясының ең элиталық және құпия бөлімшелерінің бірі наразылық білдірді. Резервшілер, арнайы жасақтар, танкистер, теңізшілер мен ұшқыштар да наразылық білдіруші топқа қосылған.


Еске салайық, ақпан айының басында Нетаньяхудың реформаларына қарсы шеруге 60 мыңға жуық адам қатысқаны айтылған еді.

Фото: DW


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.