English version

«Ұйғыр ауданының атауы өзгертілсін»: Ауыл тұрғындары Тоқаевқа үндеу жасады

Контекст дня — 20 сентября 2022 15:10
0 -1

Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылының жастары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Бейнеүндеуде айтылғандай, негізі мақсат ұлтаралық қақтығыс туғызу емес. Азаматтар ұйғыр ұлты Қазақстанды отаным деп санайтын болса ауданның қазақша аталуына өз үлесін қосуы керек деп есептейді.

– Жүрегінде түгі бар азаматтар бүгін осы мәселені көтергелі отырмыз. Ұйғыр ауданының атының ауысуын заңды түрде талап етеміз. Біздің мақсатымыз ұлтаралық қақтығыс туғызу емес. Осы уақытқа дейін әкімдердің берген уәделері орындалғанын қалаймыз. Қазақ қонақжай халық, бірақ қонағын басына шығармайды. Егер ұйғыр ұлты Қазақстанды отаным деп санайтын болса, осы ауданның қазақша аталуына өз үлесін қоссын. Ауданымыздағы барлық басшылық орындарда ұйғыр ұлтының өкілдері отыр. Қазақта да атқа қонатын азаматтар бар. Егер билік тарапынан қолдау көрсетілмесе, бұл ауыр салдарға әкеліп соғады. Аудан әкімі Шухрат Нұрахуновтан осы мәселені шешуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Олар комиссия құрып, бір ай ішінде жауап берсін» дейді аудан тұрғындары, – деді үндеу жасаған азаматтар.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.