English version

Әйел-журналистерге жасалатын шабуылдар президент назарына ілікті

Контекст дня — 25 ноября 2022 15:35
0 -1

«Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының президент Тоқаевқа жолдаған әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды.

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады.

Руслан Желдібайдың мәліметінше, БАҚ өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылған.

– Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды, – деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Әйел-журналистерге жасалатын шабуылдар президент назарына ілікті

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.