Әйелдер мен балаларға оқ атпадым, айтарым осы – Күдебаев
Бүгін Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы басшысынa қатысты сот отырысы өтті. Сотта Күдебаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Серік Күдебаев сот залында кінәны мойындамайтынын айтып, қаңтар оқиғасы кезінде әйелдер мен балаларға оқ атпағанын жеткізді.
– Мен кінәмді мойындамаймын, өз халқыма, әйелдер мен балаларға оқ атпадым. Азаптау болған жоқ. Айтарым осы. Рақмет, – деді ол.
Айта кетейік, 27 сәуір күні елден қашқан Күдебаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады. Ол 3 сәуір күні өтетін сотқа келмей, халықаралық іздеу жарияланған еді.
Фото: скриншот
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.