English version

«Әйелін ұрып өлтірген»: Экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды

Контекст дня — 10 ноября 2023 10:00
0 -1

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі “әйелін ұрып өлтірді” деген күдікке ілінген. Қайғылы оқиға 9 қараша күні кешкісін Астанадағы «Bau» мейрамханасында болған. Марқұм 1992 жылы туған. Бишімбаевпен былтыр шаңырақ көтерген.

Айта кетейік, полиция күдіктінің аты-жөнін атаған жоқ. Қуандық Бишімбаев 2018 жылы пара алды деген күдікпен ұсталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Экс-министр 2019 жылы рақымшылықпен бостандыққа шықты. Ол 2017 жылға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.