Ya Metrika Fast


English version

Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылды

Контекст дня — 17 июня 2023 18:00
0
Изображение 1 для Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылды

Бүгін президент ұлттық құрылтайдың қорытындысында ақжолтай жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылғанын жария етті.

– Жиынның соңында елдің рухын көтеретін тағы бір жақсы жаңалықты сіздермен бөліскім келеді. Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға, – деді Тоқаев.


Тоқаев Кенесарының қолында болған Құран кітабының елге келуін жақсы ырымға балады.

– Кезінде Тайқазанның елге оралуын жұрт жақсы ырымға балаған еді. Көп ұзамай Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесарының қолында болған Құран кітабының елге келуі де жақсы ырым деп ойлаймын. Бұл оқиға Қазақстанның жаңа дәуірінің берекелі бастауы болсын деп тілейік, – деді ол.

Коллаж: Қармақшы таңы


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.