КҚК мұнай құбырының жұмысын тоқтатпауды сұрады - Exclusive
Поддержать

КҚК мұнай құбырының жұмысын тоқтатпауды сұрады

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Новороссийскінің Приморск аудандық сотына сот қаулысының орындалуын тоқтату туралы өтініш жіберді.

КҚК мұнай құбыры арқылы Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігі тасымалданады. Экономистердің айтуынша, оның тоқтап қалуы елге шығын әкеледі.

Новороссийскінің Приморск аудандық соты мұнай құбырының жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетейік, 6 шілдеде, премьер-министр Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *