ҰҚК Алматы департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамалды.
Талғат Мұқановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы кірісті.
– 2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, – делінген ресми хабарламада.
Фото: ҰҚК
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.