Күдебаев ұсталып, «қаңтар оқиғасы кезінде азаптады» деген айып арқалады
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М. Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Exclusive.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдебаев 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды.
– Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін елден қашып Түркияны паналаған Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев Ыстамбұлда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ол полиция ғимаратын тастап кеткен. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.