English version

Күдебаевты экстрадициялау жөнінде келіссөздер басталды

Контекст дня — 12 апреля 2023 14:30
0 -1

Қазақстан Серік Күдебаевты экстрадициялау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.

Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған ол ауруханаға түсіп, соңғы сөзін айту сот процессіне бірнеше рет келмеді. Кейін оның елден қашып кеткені туралы ақпарат тарады.

Болжам бойынша, Күдебаев Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, ол жерден Өзбекстанға өтіп, одан кейін Солтүстік Кипрге немесе Түркияға ұшып кетуі мүмкін.

Фото: nur.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.