Ya Metrika Fast


English version

Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені анықталды

Контекст дня — 14 июня 2023 16:50
0
Изображение 1 для Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені анықталды

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал Серік Күдебаевтың мемлекеттік шекараны қалай кесіп өткенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Серік Күдебаевтың айғақтарына сәйкес, бұрынғы генерал шекара бекетінен тыс аймақтағы қоршаудың астынан өтіп, қашып кеткен.

– Бұл Алматы облысы Кеген ауданында болған, – деді Өмірәлиев.


Серік Күдебаев шекараға көлікпен жеткен. Еске салайық, наурыз айының басында ол ауруханаға түсіп, сотқа келмеді. Кейін сот бірнеше рет кейінге шегерілді. Шекара асып, Түркияда бой тасалаған Күдебаев Қазақстанға жеткізілді. Осылайша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.