English version

ҰҚК Күдебаевтың тау арқылы шекарадан шығып кеткенін айтты

Контекст дня — 20 апреля 2023 14:50
0 -1

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов генерал-майор Серік Күдебаевтың елден қашуына қатысты болжамды пікір айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Алдажұманов Серік Күдебаевтың тауда жеке қожалығы бар екенін айтып, оның тау арқылы шекараны кесіп өткен болуы мүмкін екенін атап өтті.

– Түрлі болжам бар. Оның тау жақта, туған жерінде шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін адамдары да болған шығар. Біз тау арқылы елден шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз, – деді Шекара қызметінің директоры.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді. Серік Күдебаев сот үкімі шыққанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.